2025 жылға дейін үй құрылысына 1 трлн теңге бөлінеді

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – ТМРК, Комитет) төрағасының міндетін атқарушысы Асхат Жапсарбай ТМРК коммуналдық саладағы табиғи монополия субъектілерінің реттелуі туралы айтып берді.

Асхат Жапсарбай өз сөзінде 2021 жылдың басынан бастап 106 табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне халыққа арналған тарифтердің 63%-ке өсуі болжанғанын хабарлады. Алайда, Комитет уақытша өтемдік тарифтерді енгізу, яғни оларды төмендету, монополистердің инвестжобаларына салынған басым емес іс-шараларды қысқарту түріндегі тиісті шараларды және басқа да шараларды қабылдай отырып, 2021 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін өсуге жол берген жоқ.

«Бұл шаралар 2021 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін халыққа арналған тарифтерді бір деңгейде сақтауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті ТМРК төрағасының міндетін атқарушысы.

Сондай-ақ, ол 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда, 2021 жылғы қаңтарда орташа тариф -0,4%-ке төмендеді, оның ішінде жылумен жабдықтау -3,75%-ке, сумен жабдықтау -0,34%-ке, су бұру -1,37%-ке және тек электрмен жабдықтау тарифі Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес стансалардағы тарифтердің өсуіне байланысты 3,92%-ке өсті.

Халыққа арналған тарифтердің өсуін тежеу бойынша жүргізіліп жатқан тұрақты жұмыстың арқасында барлық өңірде инфляцияға 0,11% деңгейінде үлес қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерден түсетін болжамды салым да инфляцияның белгіленген дәлізінен төмен болады.

Тарифтік реттеуші басшысының м.а. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша жол картасы әзірленгенін, оның шеңберінде 2020 жылы монополист-субъектілердің қызметіне бақылау күшейтілгенін, монополист-субъектілердің сатып алуына талдау жүргізілгенін, тариф белгілеудің ашықтығы, халықпен кері байланыс және негізделген тарифтер қамтамасыз етілгенін, монополист-субъектілер қызметінің тиімділігі арттырылғанын айтты.

Ол сондай-ақ, ТКШ саласына инвестициялар азаматтардың мүдделері мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«2021-2025 жылдарға ТКШ саласының субъектілеріне жалпы сомасы 966,6 млрд. теңгеге инвестициялық бағдарламалар бекітілді (оның ішінде жылу энергетикасына – 171,4 млрд.теңге, сумен жабдықтауға – 80,9 млрд. теңге, су бұруға – 23,8 млрд. теңге, электр энергетикасына – 636,3 млрд. теңге, газ тасымалдауға – 54,2 млрд. теңге)»,- деді Асхат Жапсарбай 2021-2025 жылдары ТКШ саласына бағытталатын инвестициялар туралы ақпаратпен бөлісе келіп.

2020 жылы ТМРК табиғи монополия саласындағы заңнаманың нормаларын бұзғаны үшін табиғи монополиялар субъектілеріне 1,006 млрд.теңге, ал 2021 жылғы 1-жартыжылдықта – 332,8 млн. теңге сомасында айыппұл салды.

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылы 390 нұсқама енгізілді, оның ішінде 244 нұсқама орындалды, 2021 жылғы 1-жартыжылдықта 270 нұсқама енгізілді, оның ішінде 162 нұсқама орындалды»,- деді Асхат Жапсарбай.

Сондай-ақ, ТМРК төрағасының м.а. инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

1 389 есепті талдау нәтижесінде (барлығы 2 341 есеп келіп түсті), субъектілердің өз міндеттемелерін орындамауы анықталды, осыған байланысты елдің барлық өңірінде жалпы сомасы 10,2 млрд.теңгеге уақытша өтемдік тарифтер алдын ала бекітілді (тарифтік сметаны орындамағаны үшін – 7,9 млрд. теңге, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны үшін – 2,3 млрд. теңге).

Бұдан басқа, ТМРК жүргізілген жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу үшін тұтынушылар артық төлеген ақшаны өтеу бойынша жыл сайынғы жұмыс шеңберінде 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымы үшін тұтынушыларға 415 млн.теңгеден астам қаражат қайтарылатын болады.

«Қаражатты қайта есептеу тұтынушының дербес шотында көрініс табады және жаңа жылыту маусымы басталғаннан бастап аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен жазылады», – деп атап өтті Асхат Жапсарбай.

Ол сонымен қатар электр энергиясы мен газ тарифтерінің өзгеруі туралы және бұл өзгеріске не әсер еткені туралы хабарлады.

Мысалы, Энергетика министрлігінің а.ж. 1 сәуірден бастап энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін орта есеппен 15%-ке көтеруі еліміз бойынша электрмен жабдықтау бағасының орта есеппен 12,5%-ке өсуіне алып келді, бұл ретте халық үшін бағаның өсуі орта есеппен 10%-ті құрады.

«Сонымен қатар, ЖЭК үстемесін ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдар (стансалар) тарифтерінің өсуі орта есеппен 7,2%-ті, ал соңғы тұтынушы үшін электр энергиясына бағаның болжамды өсуі-3,5%-тіқұрады»,- деді Асхат Жапсарбай.

Сондай-ақ, ведомство төрағасының м.а. ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап тауарлық газға көтерме бағаның ел бойынша орта есеппен 10%-ке өсуіне байланысты, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы тұтынушы үшін тауарлық газға бағаның өсуі шамамен 6%-ті құрағанын хабарлады.

«Ведомство сонда да тұтынушылар мен субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтауды ескере отырып, халыққа жүктемені барынша азайту бойынша жұмысты жалғастыруда», – деді Асхат Жапсарбай.

Халықпен кері байланыстың барлық тетіктерінен басқа, ТМРК-да «Монополист» ақпараттық базасы жұмыс істейді. Ол тәуліктің кез келген уақытында монополистердің тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының материалдарының барлығына қол жеткізуді ұсынады.

«Осы ақпараттық база арқылы үшінші тұлғаларға қолжетімді 9 мың құжат берілді», – деп атап өтті Асхат Жапсарбай.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Тарифтік саясат жөніндегі кеңес институты жұмыс істейді. Ал өңірлерде Тариф белгілеу мәселелері жөніндегі 17 өңірлік комиссия жұмыс істейді, оған жұртшылық өкілдері де кіреді.

Өз сөзінің соңында Асхат Жапсарбай 2021 жылдың соңына дейін ТМРК алдына қойылған міндеттер туралы баяндады.

«ТМРК-ның негізгі міндеті 2021 жылдың соңына дейін коммуналдық қызметтерге тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу, табиғи монополиялар саласындағы НҚА жетілдіру, тұтынушылардың әртүрлі топтары үшін сараланған тариф қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, сондай-ақ халықтың неғұрлым әлеуметтік осал топтары үшін атаулы көмек тетіктерін әзірлеу және т.б. болып табылады»,- деді ТМРК төрағасының м.а.

Қорытындылай келе, ол ТМРК-ның әрдайым тұтынушылардың мүддесін бәрінен жоғары қоятынына сендірді.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » 2025 жылға дейін үй құрылысына 1 трлн теңге бөлінеді

Ұнады (0)