Ұлттық Банк 2021 жылдағы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының төлем балансын алдын ала бағалап көрді. Ағымдағы шоттың тапшылығы (-)1,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Есепті кезеңде ағымдағы шоттың жай-күйі ішкі сұраныс пен әлемдік экономикалық белсенділікті қалпына келтірумен анықталды.

Сауда балансының профициті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеп, 9,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Тауарлар экспорты 3,4%-ға өсіп, 26,9 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте мұнай мен газ конденсатының экспорты (ресми экспорттың 49,7%-ы) 10,8%-ға немесе 1,6 млрд АҚШ долларына төмендеді. Өткен жылға қарағанда әлемдік мұнай бағасының қалпына келу үрдісі екінші жартыжылдықта толық көлемде көрініс табады.

Тауарлар импортының өсуі 9,2%-ды құрап, 17,5 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ұлғаю тұтыну тауарлары импортының 27,3%-ға немесе 1,2 млрд АҚШ долларына, оның ішінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар импортының 36,0%-ға немесе 1,1 млрд АҚШ долларына өсуіне байланысты болды.

Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі 9,5 млрд АҚШ долларына дейін 42,8%-ға ұлғайды. Ағымдағы шоттың тарихи жай-күйі теріс кірістер балансында оң сауда балансымен сипатталады.

2021 жылдағы бірінші жартыжылдықтың алдын ала қорытындысы Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келеді.