BI Group еншілес ұйымы АІХ-те 6.3 млрд теңге сомасының облигацияларын сәтті орналастырды, деп хабарлайды "Астана" халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметі. 

Облигация жылдық 15,5% өсім бермек.

Қазақстандағы аса ірі құрылыс холдингтерінің бірі BI Group компаниясының еншілес ұйымы "Мегастрой ЛТД" ЖШС (“Мегастрой”) Astana International Exchange (“AIX”) биржасында 20 млрд теңге сомасының Борыштық құралдар бағдарламасын тіркеді.

Аталған Бағдарламаның шеңберінде 6,3 млрд теңге сомасының айналу мерзімі 12 ай және сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15,5% құрайтын купондық облигацияларының бірінші траншының шығарылымы жүзеге асырылды. Шығарылымның лид менеджері "Jusan Invest" АҚ болды.

Бұл Мегастрой компаниясының қысқамерзімді борыштық құралдарды ағымдағы жылдың наурыз айындағы дебюттік шығарылымнан кейінгі екінші орналастыруы. Екі жағдайда да жазылым барысында сұраныс ұсыныстан асып түсті, бұл бөлшек және институционалды инвесторлардың қызығушылығын танытып отыр. 

«Қазақстандағы құрылыс секторына жататын компания облигацияларының кезекті рет сәтті орналастырылуы экономиканың нақты секторларындағы компаниялардың қор нарығындағы тарту әлеуетін растайды. Мұндай мысалдар биржалық нарықтағы мерзімдер, тиімділік пен қаржыландыру шарттары бизнес үшін анағұрлым тартымдырақ болып табылатынын және даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын көрсетеді»., дейді AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектұров 

«Біздің биылғы көктемдегі алғашқы орналастыруымыз жеке инвесторлардың кең қызығушылығын тудырды және сол кезде бұл Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы саласындағы ең ірі мәміле болды. BI Group 2021-2024 жылдар аралығындағы қаржылық  стратегиясына қатысты қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 20 миллиард теңге сомасындағы облигациялық бағдарламаны тіркеді. Осындай тағы бір жетістік компанияға тек жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік қор биржаларына орналастыру  деген сенімділік береді», деді BI Group басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Алмас Лепесбаев.

“Дебюттік орналастыудан небәрі үш айдан соң алдыңғы мәміленің сәттілігін біздің қайталауымыздың және тіпті одан асып түсуіміздің орайы келді. Бұл мәміленің бірегейлігі оның ең талап қойғыш санат - бөлшек сауда инвесторларының сеніміне ие болғанында. Біз эмитентке және біздің клиенттерімізге осы орналастыруда қуана қолдау көрсеттік», дейді «Jusan Invest» басқармасы төрағасының орынбасары Максим Кабанов.

“Біз осы мәмілені жүзеге асыру кезіндегі үйлесімді жұмыс үшін Биржадағы әріптестірімізге алғысымызды білдіреміз және эмитенттер мен инвесторлар тарапынан АІХ-ке қызығушылықтың елеулі түрде артқанын атап өткіміз келеді», дейді «Jusan Invest» корпоративтік қаржы департаментінің директоры Жанна Түлекова.