Есесіне жыл басынан бері Қазақстанға салынған инвестиция былтырғымен салыстырғанда 1,8 пайыз азайып кетті, деп хабарлайды LS.

Қазақстаннан шетел экономикасына салынған инвестиция көлемі бір жылда 73% артып, $191 млн-нан $331 млн-ға жетті, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банк мәліметінше, салалар бойынша қазақ кәсіпкерлер шетелде қаржы және сақтандыру саласына – $220,5 млн (бір жылда +257,3%) ең көп қаржы құйған. Одан кейінгі орында үй шаруашылықтары қызметі $26,4 млн (-29,8%). Үшінші орында көлік және қоймалау – $20 млн (-27,5%).

Шетелдің өңдеу саласына салынған қазақстандық қаражат көлемі $15,3 млн, жылжымайтын мүлікпен операция саласы $14 млн және құрылыс $13,7 млн.

Ал электрмен жабдықтау, білім беру және денсаулық сақтау саласына тиісінше $100 мың доллардан.