2020 жылы Өзбекстанға экспорт 6,9%-ға өсіп, 2,1 млрд. долларды құрады, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1,2 млрд. долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41,3%-ға жоғары (0,8 млрд.долл.).

2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстаннан Өзбекстанға Экспорт 54%-ға өсіп, 899,2 млн. долл. құрады.

Жалпы, 2020 жылы Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 4,6 млрд. долл. құрады.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 335,9 млн. долл. құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға жоғары (286,5 млн.долл.).

Жемістер, жидектер, көкөністер: өрік, шие, қызыл шие, шабдалы, қара өрік және шомырт; жүзім; нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер; қызанақтар; пияз, сарымсақ; минералды және газдалған сулар неғұрлым импортталатын тауарлар болып табылады. Сондай-ақ: автомобильдер; этилен полимерлері; кендер; шыны; пластмасса.

Қазақстанға ең жоғары импорт Өзбекстаннан келеді. 2020 жылы ол 783,1 млн. долл. құрады.

Ағымдағы жылдың маусым айында Министрдің Өзбекстан мен Тәжікстанға жұмыс сапары кезінде қазақстандық кәсіпкерлер түрлі өнімдерді пилоттық жеткізу туралы 3 млн.долларға 6 келісімшартқа қол қойды. Мысалы, өзбек қызыл шиесін сатып алуға, Соғды облысының Гафуровск ауданынан қазақстандық сауда желілеріне жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу туралы 500 мың долларға келісімшарттар.

Келіссөздер барысында сауда маршруттарын/дәліздерді салу мәселелері де талқыланды.

«Өңірлік тауар өткізу жүйесін сынақтан өткізу үшін агропоезд-автокеруен қалыптастырылатын болады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Алғашқы жеткізілімдерді ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.