Қыркүйекте бензин тағы қымбаттауы мүмкін

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Павлодар мұнай-химия зауытында ағымдағы жылдың 24 шілдесінде басталуы тиіс жоспарлы-алдын ала жөндеу осы жылдың қыркүйегіне ауыстырылады.

Бұл шешім күзгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерінің ыңғайлы көлемін жинақтау мақсатында қабылданды, деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Күзгі орақ науқанындағы әдеткі сұранысты есепке алсақ, күздің бірінші айынан бастап еліміздің солтүстік өңірлерінде, соның ішінде елордада бензин бағасы айтарлықтай қымбаттауы мүмкін.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Қыркүйекте бензин тағы қымбаттауы мүмкін

Ұнады (0)