Астана халықаралық биржасы AIX QAZAQ INDEX іске қосты

Астана халықаралық биржасы («AIX», «Биржа») Қазақстанмен байланысты компаниялар акцияларының көрсеткіштерін өлшейтін AIX Qazaq Index («AIXQI», «Индекс») іске қосылатыны туралы қуана хабарлайды. AIXQI шекті салмағы ең жоғары нарықтық капиталдандыру бойынша өлшемді индекс болып табылады. Индекс сегіз қазақстандық компанияның AIX-те, Қазақстан қор биржасында және Лондон қор биржасында саудаланатын акцияларынан және жаһандық депозиттік қолхаттарынан тұрады. Бұл компаниялардың қатарына Қазақстанда тіркелген компаниялар немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірісі ішінара немесе толық Қазақстанда генерирленетін немесе операциялық қызметінің елеулі бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылатын кәсіпорындар кіреді. AIXQI 2021 жылғы 1 шілдеде, 1000 балл бастапқы мәнімен іске қосылды. AIXQI өз әдістемесі бойынша есептеледі, ол көпшілікке қол жетімді, ал арнайы құрылған Индекс комитеті оның басқарылуын бақылауды жүзеге асырады. Индексті «Halyk Finance» АҚ AIX тапсырысымен әзірледі.

 «AIXQI индексі анағұрлым өтімді акциялар нарығындағы ауытқуларды дәл қадағалау үшін және оны жергілікті және сыртқы нарықтарда инвестициялық қаржылық өнімдер құру кезінде бенчмарк ретінде пайдалану үшін әзірленді. Бұл шетелдік инвесторларға да, сонымен қатар қазақстандық инвесторларға да нарықтың жалпы жағдайын көрсететін сенімді «барометр» ретінде қызмет етіп және жаңа инвестициялық шешімдер жасауға арналған алаң болады деп сенеміз», дейді AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектуров.

«Halyk Finance 2018 жылдан бастап AIX-пен түрлі бағыттарда ынтымақтасады. Жаңа индексті құру – біздің ынтымақтастықтың тағы бір нәтижесі, ол қазақстандық бағалы қағаздар нарығының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға қызмет етеді. Біз инвестициялық менеджер ретінде, осы индексті іске қосу, біздің нарықта жаңа инвестициялық жобаларын дамытуға қосымша жағдайлар туғызатындығына және қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарына капитал ағынын арттыратынына сенімдіміз», дейді  Halyk Finance басқармасының төрағасы Фархад Охонов.

 Индекс үшін негізгі валюта ретінде теңге пайдаланылады (KZT). Индекстің көрсеткіштері, оның құрамдастары мен салмақтық коэффициенттері туралы мәліметтер күніне бір рет AIX веб-сайтындағы арнайы бөлімінде, алдыңғы күннің жабылу бағаларына сүйене отырып жарияланатын болады.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Астана халықаралық биржасы AIX QAZAQ INDEX іске қосты

Ұнады (0)