АХҚО Сотына жүгінуші шетелдік компанялар көбейіп келеді

АХҚО Соты мен ХТО-ның қызметі 2018 жылдың 1 қаңтарында басталды және бүгінгі күнге дейін АХҚО Соты мен ХТО-да 536 іс қаралды, оның ішінде 15 сот шешімі, 39 төрелік шешім және дауларды медиация жолымен реттеу туралы 482 келісім. 2021 жылдың бірінші жартысында АХҚО Соты мен ХТО 201 іс шешті және келесі істерді қарауда. Төрелік істер саны едәуір артты, ал медиация процедуралары санының тұрақты түрде өсіп отыруы жалғасты, бұл істі төрелікте немесе сот тәртібімен одан әрі қарау қажеттігін азайтты.

Істерге Қазақстанның 12 өңірінен және Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Үндістан, Канада, Италия, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, Әзірбайжан, Польша, Армения және Белоруссияны қоса, 14 елдің тараптары қатысты.

Даулар берешектердің төленбеуі және шарттық міндеттемелердің басқа да бұзылулары, қаржы, құрылыс, энергетика, жер және мүлік мәселелері, еңбек қатынастары бойынша коммерциялық және инвестициялық мәселелердің кең ауқымымен байланысты болды. Істерді қарау барысында АХҚО, Қазақстан және Ресей құқықтары қолданылды.

Барлық даулар eJustice озық цифрлық платформасы мен АХҚО Соты мен ХТО-да бейнетыңдаулар өткізуге арналған технологиялар қолданылып, тез және экономикалық тұрғыдан тиімді түрде шешілді. Сот шешімдері мен төрелік шешімдердің барлығы АХҚО Сотының олардың тиімді орындалуын қамтамасыз ететін арнайы әзірленген процедурасын пайдаланумен 100% сәтті атқарылды.

АХҚО Сотының халықаралық мойындалуы жалғасын тауып, 281 заңгерге АХҚО Сотында өз клиенттерінің мүдделерін дауларда білдіру құқығы берілді. Олардың ішінде 27 юрисдикция (25 мемлекет), соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Еуропа, Орталық Азия, Африка, Азия және Океания заңгерлері бар.

АХҚО Соты мен ХТО Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов мырзамен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. АХҚО Соты мен ХТО Қазақстан Республикасының жергілікті соттарынан тәуелсіз, сонымен бірге өзара мүдде бар мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықта. Өзара түсіністік туралы меморандумда дау тараптарының жазбаша келісімі бар болған жағдайда коммерциялық және инвестициялық дауларды Қазақстан Республикасының жергілікті соттарынан АХҚО Сотына беру процедурасы қарастырылған. Бұдан басқа, АХҚО Сотының шешімдерін шетелде орындауға қатысты одан әрі қарай көмек көрсету туралы ереже бекітілген.

Қазіргі уақытта коммерциялық келісімшарттардың дауларды шешу туралы ережелеріне АХҚО Соты мен ХТО ескертпелерін қосуға ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторымен және өнеркәсіптің басқа салаларындағы ірі корпорациялармен талқылау жүргізілуде. АХҚО Соты мен ХТО Chevron Tengizchevroil келісімшарттарын қоса, 5000-нан аса коммерциялық келісімшарттар бойынша дауларды шешу үшін бірінші нөмірлі таңдау ретінде енгізілді. АХҚО Соты мен ХТО дауларды шешу үшін бірінші нөмірлі таңдау ретінде көрсетілген шарттар бойынша туындайтын даулар қазіргі уақытта ХТО-ның қарауында.

Пайдаланушылар комитетінің отырыстары, судьялар мен төрешілердің қатысуымен өткен вебинарлар, онлайн-халықаралық конференцияларда сөз сөйлеу, студенттік ойын соттары және оқу бағдарламалары кірген ілгерілету және қоғамдастықты қатыстыру бойынша кешенді бағдарлама іске асырылды. ХТО 2021 жылғы ақпанда онлайн режимде өткізген IAC-Vis төрелік турнирін ерекше атап өту керек. ХТО Willem C. Vis Халықаралық Комерциялық Төрелік турнирін ұйымдасыру және ілгерілету қауымдастығымен ынтымақтастықта ХТО-Орталық Азия төрелік турнирінің ресми ұйымдастырушысы болып табылады. Турнирге он жеті елден жиырма екі команда қатысты.

АХҚО Соты мен ХТО аппаратының Тіркеушісі және басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза былай деп атап өтті:

 

“Біз АХҚО Соты мен ХТО коммерциялық дауларды жедел, экономикалық тиімді, сенімді және әрқашан да құқықтың үстемдік етуінің ең жоғары халықаралық стандарттарын қолданыумен шешу үшін қауіпсіз институт ретінде жергілікті, аймақтық және халықаралық іскерлік ортаның сеніміне ие болуы арта түскеніне қуаныштымыз. Дамудың қазіргі сатысында қаралатын істердің саны басқа жалпы құқық соттары мен халықаралық қаржы орталықтарындағы төрелік орталықтардың көрсеткіштерінен едәуір алда болып тұр. Біздің бұл прогресті сақтап, АХҚО Соты мен ХТО инвесторлардың құқықтарын ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес әлі де көптеген жылдар бойы қорғай алуын қамтамасыз ету бойынша жоспарларымыз бар”.

 

Анықтама үшін:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды.

2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды.

Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады».

АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары тұйық циклді экономиканы, қаржылық технологияларды және «цифрлық қаржы орталығын» дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/

АХҚО Соты тәуелсіз орган болып табылады және Англия мен Уэльстің жалпы құқық қағидаттарына және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген.

АХҚО соты бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады. Күрделілігі мен сомасы бойынша болмашы дауларды жедел шешуді қамтамасыз ету үшін бірінші сатыдағы сотқа ұсақ дау-дамайлар соты кіреді.

АХҚО соты әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және қатысушылар, АХҚО органдары арасындағы дауларды және АХҚО құқығына сәйкес АХҚО-да жүзеге асырылған операциялар бойынша дауларды шешуді қамтамасыз ету үшін айрықша юрисдикциясына ие. Сонымен қатар, АХҚО соты тараптардың келісімі бойынша АХҚО сотына берілген дауларды қарай алады. https://court.aifc.kz/

АХҚО халықаралық төрелік орталығы (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз орган болып табылады және жетекші халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына сәйкес құрылған.

ХТО төрешілерінің құрамына жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, ислам қаржысы, банкинг, зияткерлік құқық салаларында және коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салаларында төрелік бойынша көп жылдық тәжірибесі бар жетекші халықаралық төрешілер кіреді. https://iac.aifc.kz/

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » АХҚО Сотына жүгінуші шетелдік компанялар көбейіп келеді

Ұнады (0)