Статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір айда (2021 жылғы маусым 2021 жылғы мамырға) баға азық-түлік тауарларына – 1,7%, азық-түлік емес тауарларына – 0,8%, ақылы қызметтерге 0,7% жоғарылады.

Жалпы инфляция былтырғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда биылғы қаңтар-маусымдағы инфляция көрсеткіші 7,3 пайыз болды. Бұл соңғы төрт жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Сонымен қатар, маусымда мамырмен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 3,1% жоғарылады.

Өткен айда тау-кен өндіру саласында бағаның металл кендеріне - 6,3%, мұнайға - 3%, көмірге - 0,8%, табиғи газға 0,2% жоғарылауы байқалды.

Өңдеу саласында баға қара металдар илегіне - 10,7%, қорғасынға - 9,2%, мысқа - 8,6%, мырышқа - 4,6%, асыл металдарға - 4,4%, алюминийге - 4%, ферроқорытпаларға 3,4% жоғарылады. Мұнай өнімдерінен бензинге - 4%, мазутқа - 0,8%, дизель отынына 0,3% қымбаттады, сұйытылған пропан және бутанға 0,6% арзандады.

Азық-түлік өнімдерінен өндірушілерде баға өсімдік майына - 5,4%, шайға - 2,8%, құс етіне - 1,7%, мал етіне, жармаларға және нанға - 0,7%-дан, күрішке - 0,5%, сүт өнімдеріне 0,3% жоғарылады, қара бидай ұнына - 3,1%, қантқа - 0,5%, макарон өнімдеріне 0,3% төмендеді.

Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 0,7% жоғарылады.