Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа алаяқ қосымшаның пайда болғанын ескертеді. Қосымшаның аты AnyDesk.

Абдрахмановтың айтуынша, Алматыта осы қосымша кеңінен тарап жатыр.

«Бейтаныс нөмірмен хабарласып, алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, телефоныңызда вирус бар екенін айтып, AnyDesk қосымшасын орнату керектігін айтады», - дейді Абрахманов.

Оның айтуынша, қосымша орнатылғаннан кейін алаяқтар сіздің телефоныңызға қосылып, сіздің атыңыздан несие алуы мүмкін.

«Телефондарыңызға AnyDesk қосымшасын орнатпаңыздар», - деді тәртіп сақшысы.