Былтыр Үкімет пен Ұлттық банктің кәсіпкерлерге көрсеткен көмегі бизнесті дағдарыстан алып қалды. Тіпті кейбірі дамыды. Алайда мемлекет қолдауынсыз да дағдарыстан аман қалғандары бар.

Қазір кәсіпкерлердің көпшілігі бизнесті дамуға кедегі келтіріп отырған негізгі фактор ретінде халықтың табысының төмендігін атайды. Халықтың үштен бірінің тек тамақ алуға ғана ақшасы жетеді. Бұл тиісінше бизнестің табысына әсер етеді. Ал үштен екісі тұрмыстық техника алуға ақшасы жетпейтінін айтады. Сонымен қатар, халықтың несиеге батқаны да экономка үшін үлкен қатер.

Сарапшылардың айтуынша, карантиндік шектеулерден кейін Қазақстан экономикасы "К" түрінде дамиды. Бұл дегеніңіз, кей сала өсіп, кей сала керісінше кері кетеді.

Мысалы, карантиндік шектеулерден кейін бірнеше ай бойы өнеркәсіптің кей секторларында, құрылыста және байланыс саласында өсім қарқынды болды. Ал көлік, сауда және туризм керісінше айтарлықтай төмендеді.

Атап айтқанда, құрылыс пен баспана нарығы 20-30 пайыздан өсті. Оның бір себебі құрылысқа мемлекет көп ақша бөлді.