Банктер шағын бизнесті несиелендіруді көбейтті

Ұлттық банктің мәліметінше, банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,7%-ға ұлғайып, 2021 жылғы наурыздың соңында 14 792,7 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 7 058,9 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 7 733,7 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 1,7%-ға 12 983,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 2,3%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1,1%-ға 1 809,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,2%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер 4,8%-ға төмендеді. Кредиттердің теңгемен үлес салмағы 2021 жылғы наурыздың соңында 87,8% құрады (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%).

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 1,6%-ға 12 629,6 млрд теңгеге дейін, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 1,7%-ға 2 163,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы наурызда 5,1%-ға 2 426,8 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 16,4%-ы) төмендеді.

Салалар бойынша бөлгенде банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,5%), сауда (11,8%), құрылыс (4,2%) және көлік (3,2%) сияқты салаларға тиесілі.

2021 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,5% (2020 жылғы наурызда – 12,5%), жеке тұлғаларға – 17,0% (17,7%) болды.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Банктер шағын бизнесті несиелендіруді көбейтті

Ұнады (0)