Депозиттегі қаражат күрт көбейді

Ұлттық банктің хабарлауынша, резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2021 жылғы наурыздың соңында бір айда 3,7%-ға ұлғайып, 23 378,4 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 4,7%-ға 11 896,4 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері – 2,6%-ға 11 482,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 2,5%-ға 14 751,8 млрд теңгеге дейін, шетел валютасында – 5,8%-ға 8 626,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы наурыздың соңында 36,9% болды (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%).

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы наурызда 1,3%-ға 7 396,5 млрд теңгеге дейін, шетел валютасында – 11,0%-ға 4 499,9 млрд теңгеге дейін (заңды тұлғалар депозиттерінің 37,8%-ы) ұлғайды.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 3,8%-ға 7 355,3 млрд теңгеге дейін, шетел валютасында – 0,6%-ға 4 126,7 млрд теңгеге дейін (жеке тұлғалар депозиттерінің 35,9%-ы) өсті.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,5%-ға ұлғайып, 15 858,0 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 10 014,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 5 843,8 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы наурызда 7,2% (2020 жылғы наурызда – 7,7%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,4% (9,1%) құрады.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Депозиттегі қаражат күрт көбейді

Ұнады (0)