Сарапшылар мұнай бағасына оптимистік көзқараста

Мұнай өндіруге қатысты шектеулерді сақтау бойынша ОПЕК+ шаралары 2021 жылдың басынан бастап мұнай бағасының едәуір өсуін қамтамасыз етті.

Наурыз айының басында, ОПЕК+ кездесуі қарсаңында нарықтағы мұнай өндірісіне қойылатын шектеулер төмендеуі мүмкін деген үрей баға ұсыныстарына кәдімгідей жағымсыз әсер етті, сөйтіп баға 1 наурызда 3,8%-ға, келесі күні тағы 1,6%-ға төмендеді. Кейін шешімнің өзгермеген шарттары негізінде ралли мұнай нарығында жаңаша күш алды.

Хуситтердің бомбамен жабдықталған дрондармен Сауд Арабиясының Рас-Таннур портындағы ең ірі мұнай терминалына жасаған шабуылы дүйсенбі, 8 наурыз күні мұнай бағасының көтерілуіне себепші болып, баррелі 71 доллардан асып түсті. Кейін порт инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келмегендіктен, мұнай бағасы түзетілді.

Бұған дейін ирандық мұнайдың экспортына қатысты АҚШ санкцияларының күшін жою туралы Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің қайта басталғаны туралы хабар инвесторлардың назарын аударғаны рас, осының өзі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне әсер етуі мүмкін. Осылайша, теңдестірілген нарықтағы тәуекелдер ұсыныстың сұраныстан асып кету тәуекелдеріне қарай өзгереді. Сондықтан шикізат нарығы тұрақты түрде қалпына келе бастайды деп айтуға әлі ерте. Мұнайдың ықтимал құбылмалығы теңгенің айырбас бағамына сәйкесінше қысым жасайды.

Сонымен қатар, кейбір сарапшылар 2021 жылы нарықта жаңа суперцикл басталатын тұста және Қытай мен басқа да дамушы нарықтардың экономикасы өсіп жатқан қазіргідей жағдайда мұнай бағасының болжамына оптимистік көзқараспен қарайды. Осының өзі монетарлық және бюджеттік саясатты ынталандыру шараларымен қолдап, пандемиядан кейін қалпына келуіне ықпал ететін болады.

Рұқсатсыз көшіруге тиым салынады!:Naryk.kz | Нарық.кз » Сарапшылар мұнай бағасына оптимистік көзқараста

Ұнады (0)