Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,7%-ға ұлғайып, 2020 жылы желтоқсанның соңында 22 089,7 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 11 297,7 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 10 792,1 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға өсті.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында депозиттегі қаржы 19 трлн теңге болды. Соның ішінде 9,9 трлн теңге бизнестікі болса, 9,1 трлн теңге жеке тұлғалардікі болған.

Бір айда ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 13 855,7 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 8 234,0 млрд теңгеге дейін 4,5%-ға төмендеді. Долларландыру деңгейі 2020 жылғы желтоқсанның соңында 37,3% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы желтоқсанда 7 205,0 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 092,7 млрд теңгеге дейін 7,2%-ға азайды (заңды тұлғалар депозиттерінен 36,2%).

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 6 650,7 млрд теңгеге дейін 7,1%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттері 4 141,4 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға қысқарды (жеке тұлғалар депозиттерінен 38,4%).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 3,7%-ға ұлғайып, 15 279,6 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 9 496,8 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар – 5 782,9 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,3% (2019 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,2% (9,0%) болды.