Азық-түлік тауарларына баға индексі 2020 жылда 111,3% құрады. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер, жаңа жиналған жемістер мен көкөністер қымбаттады.

2020 жылғы желтоқсанда ет өнімдері тобында сүйегі бар жылқы етіне орташа баға килограмына
2272 теңгені (2019 жылғы желтоқсанда – 2029 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1990 теңгені (1713 теңге), сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне – 1947 теңгені (1803 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1594 теңгені (1466 теңге), тауықтың сан етіне 789 теңгені (831 теңге) құрады.

2020 жылғы желтоқсанда сүт өнімдерінен мәйекті ірімшікке орташа баға килограмына 3069 теңгені (2019 жылғы желтоқсанда – 2756 теңге), сүзбеге – 1681 теңгені (1597 теңге), қаймаққа – 1177 теңгені (1109 теңге), айранға – 313 теңгені (295 теңге), пастерленген сүтке 270 теңгені (251 теңге) құрады.

Сары майдың орташа бағасы 2020 жылғы желтоқсанда килограмына 2701 теңгені (2019 жылғы желтоқсанда 2368 теңгені), күнбағыс майы – 575 тенге (433 теңге), жұмыртқаға – 353 теңгені (299 теңге), құмшекер – 252 теңге (189 теңге) құрады.