Өзбек президенті ел үкіметін реформалап жатыр

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Өзбекстан Республикасында әкімшілік реформа тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулыға қол қойды. 

Қаулы мәтіні елдің ресми басылымдарында жарияланды. Құжатта айтылғандай, әкімшілік реформаның мақсаты азаматтардың еркіндіктері мен қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың ашық және тиімді жүйесін құру, халықаралық аренада елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Қаулыда әкімшілік реформаның тұжырымдамасын іске асыру бойынша 40 нақты шара қарастырылған.

Айта кетерлігі, реформа мемлекеттік органдар мен шаруашылық басқармаларға бағытталған.

Оқыңыз:   Астанадағы шарада Сирия мәселесі бойынша нақты нәтижеге жоқ