Әлемде алғашқы криптовалюталық қор құрылды

Канада үкіметі әлемдегі ең алғашқы криптовалюталық қорды құруды мақұлдады. 

Елдің құнды қағаздар бойынша комиссиясы жаңадан құрылған Cryptocurrency First Block Capital Inc. компаниясын тіркеді.

Ресми мәлімдемеге сай, ел үкіметі осы арқылы операциялар мониторингінің тетіктеріне қол жеткізіп отыр. Ванкуверде тіркелген компания сандық валютаға негізделген инвестициялық қызметтер ұсынып, осы мақсатта қор құрмақ.

Осылайша, бұл компания әлем бойынша криптовалютамен жұмыс істейтін алғашқы ресми мекеме болып тіркелді.

Оқыңыз:   Жапонияда сатушысыз дүкендер пайда болады