PR: Ұлы даланың жеті қыры: «Қошқар ата» күйіне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына орай «Қошқар Ата» күйі мен аталған өнер туындысының бейне баянының таныстырылымы өтті.

Аталған шараға жобаның идея авторы – профессор, филантроп, «Құрмет» орденінің кавалері Оралбек Ботбай және DoVio дуэті мен журналистер қатысты.

Шара барысында сөз алған О.Ботбай: «Осы жылдың соңына орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» деп аталатын қазіргі заманға керек те, қажет те мақаласы жарық көрді. Іссапармен Иран елінде жүргем, интернетті қосып, мақаланы оқуға асықтым. Ол туралы мерзімді басылым беттеріне мақалам да жарық көрді. «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі» деп басталатын мақалада, бастысы – біз кім екендігімізді анықтадық» — деді.

Аталған күйді көптеген Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты DoVio дуэті орындайды. «Қошқар Ата» күйі анимациялық түрде түсірілген. Шығармашылық процеске жетекшілік еткен І.Нарқозиев.

Сондай-ақ, Биыл ғана жаңадан құрылған Түркістан облысының Бәйдібек ауданына қарастыҚошқар Ата ауылына есімі берілген ХІ ғасырда өмір сүрген Қошқар Ата бабамызға күй арнап, оны дүниеге әкелдік. Материалды емес мәдениетімізге жататын ұлттық күй өнерін Елбасы мақаласының аясында ұлықтауды өз парызым деп білемін – деп О.Қожамжарұлы өз сөзін түйіндеді.

Айта кететін жайт, келер жылы Елбасы мақаласы аясында І Халықаралық Қошқар Ата экспедициясын басталып отыр.

Оқыңыз:   Құлыбаев мемлекеттік компанияларды азайтуды ұсынды