Қытай мұнай импортының артуы теңгені нығайтты

KASE-нің таңғы сесиясының қорытындысы бойыша, 08 қыркүйекте 1 АҚШ доллары 333,24 теңгеге тең болды.

Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай бағасы 0,46 пайызға қымбаттап, 54,74 теңгеге жетті. Айта кетейік, бұл сәуірдің 18-нен бергі рекордтық көрсеткіш.

Мұнай бағасының қымбаттауына Қытайдан жеткен хабар түрткі болып отыр. Кеше Қытай үкіметі елдің мұнай импортының юаньмен есептегенде 12,2 пайызға қымбаттағанын хабарлаған еді.

Сонымен қатар, апта басынан бері мұнай бағасының тұрақты қымбаттауына АҚШ-тағы дауылдың да әсері болып отыр. Табиғи апат кесірінен елдегі мұнай өңдеу зауыттары істен шығып, елде жанармай тапшылығы орын алды. Бұл өз кезегінде нарықтағы қара алтын бағасын көтеріп жіберген.

 

Оқыңыз:   Мұнай тұрақты, теңге нығаюда