Қытайда 50 млн пәтер мен үй бос тұр

Қытайдағы тұрғын үй қорының шамамен 22 пайызы бос тұр, деп мәлімдеді Чэнду оңтүстік-батыс экономика және қаржы университеті.

Бос үйлердің көбейіп кету себебі бір кездері адамдар инвестиция ретінде жылжымайтын мүлікті жаппай сатып алып қойған. Енді қазір соның бәрі халықтың төмен қабілетінің төмендеген кезінде қайта сата алмай жатыр.

«Әлемде мұндай бос үйлері бар бірде-бір ел жоқ. Егер бұл үйлер жаппай сатылымға шығарылатын болса, жылжымайтын мүлік нарығы үшін ауыр соққы болады», делінген зерттеуде.

Алайда, қазіргі таңда Чунцин, Тяньцзин, Гуанчжоу, Ухань мен Ханчжоу қалаларында үй бағасы қымбаттап жатыр.

Қазіргі таңда ел билігі бос тұрған үйлерге салықты көбейткелі жатыр.

Оқыңыз:   Швейцариялықтар зейнетақыны көтеруге қарсы дауыс берді