Қытайдан келетін дәрі-дәрмек импорты 30 есеге өсті

2013 жылдан бастап ҚР-ға кіретін дәрі-дәрмек импорты қысқара бастады. Соңғы 4 жылда олардың құны 49 пайызға, ал физикалық көлем бойынша 57 пайызға азайды. 

2016 жылы 602,5 млн доллардың тауары импортталса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 847,5 млн доллар болған еді.

Биыл дәрі-дәрмек импорты арта түсті. Алғашқы төрт айда құны 235,5 млн долларға 5 мың тонна препарат әкелінді. Өткен жылдың осы уақытында бұл көрсеткіш 199,4 млн доллар және 3 мың тонна болған еді.

Биыл дәрі-дәрмектің жартысы Үндістаннан — 760,2 тонна ($21,1 млн), Қытайдан — 738 тонна ($0,8 млн), Германиядан — 737 тонна ($45,3 млн) және ТМД елдерінен — 626 тонна ($7,9 млн).

Айта кетейік, төрт айда қытай өнімдерінің физикалық көлемі 30 есеге, үндістандық импорт 54 пайызға артты.

 

Оқыңыз:   Жемқорлық ел экономикасының жартысын "жұтып" қойған