Қандай жағдайда басшы қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлығы үшін жауапқа тартылады?

Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттігінің Төрағасы сыбайлас жемқорлық үшін бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін енгізу мәселесіне тоқталды.

«Егер басшы өзі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтап, оларды болдырмау және алдын алу бойынша жан-жақты шаралар қабылдаса, ешқандай тәртіптік шара қолданбайды. Бірақ егер мұндай фактілер құзыретті органдар тарапынан анықталса және олар жүйелі сипатқа ие болса, онда жауапкершілікті басшылар өз мойнына алу керек болады», деді Шпекбаев.

2019 жылдың басынан бастап «Астана-Адалдық Алаңы» жобасының негізінде әзірленген «Сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар» бағдарламасы іске қосылады.

Бұл мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ашық бюджеттер, басшылардың жеке жауапкершілігі, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы және басқа да көрсеткіштер арқылы аймақтық мемлекеттік органдардың кең ауқымды «қайта қалпына келуіне» мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру аясында Агенттіктің күш-жігері азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықта жаңа «өсу нүктелерін» әзірлеуге бағытталатын болады.

«Осы салада неғұрлым ҮЕҰ-дар мен белсенділер көп болса, соғұрлым тезірек біз әлеуметтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетке ие боламыз», деді Агенттік төрағасы.

Қазіргі таңда жалпы сомасы 6 трлн. теңгені құрайтын 162 бизнес сүйемелденген «Бизнес және инвестицияны қорғау» жобасының жетістіктері аталып өтті.

«Жоба тиімді және бұған дәлел жобаға қосылған бірде бір инвестор мемлекеттік органдармен соттық дауға түспеді», деді Шпекбаев.

Осы және басқа да мәселелер арнайы мониторингтік тобының өкілі Рахым Ошақбаевтың, қоғамдық кеңес өкілі — Владимир Коломийцевтің және басқа да спикерлердің сөз сөйлеулерінде көтерілді.

Оқыңыз:   Банктер көлік несиесін көбейтті