Қай облыстарда ауыл шаруашылығымен айналысқан тиімді

Қазақстандағы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының тиімділігі 2017 жылы тиісінше 39,7% және 17% болды, деп жазады LS.

Өсімдік шаруашылығына ең қолайлы өңірлер ретінде Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстары болса, ең қолайсыз өңірлер Маңғыстау мен Атырау облыстары.

Ал мал шаруашылығына ең қолайлы облыстар Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстары болса, ең қолайсыз облыстар Қызылорда мен Маңғыстау облыстары екен.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, сиыр етінің өзіндік құны 507,7 теңге болса, қой етінің өзіндік құны 418,7 теңге. Ал он жұмыртқаның өзіндік құны 135 теңге. Сонымен қатар, бір литр сүттің өзіндік құны 83,3 теңге екен.

Оқыңыз:   Шағын бизнес рекордтық пайда тапты