Қай банктің депозит пайызы көп? Қазақтар ең көп қай банкке депозит салады?

Жеке тұлғалардың жедел және шартты салымдары 2017 жылдың шілде айында 1,9% артып, бір жылда 8,0% өсіммен 7,19 трлн теңгеге жетті.

Халықтың жартысынан көбі өз жинақтарын шетел валютасында ұстайды (52,8% немесе 4,18 трлн теңге).

Жыл басынан бері шетел валютасындағы депозиттің жалпы көлемі 12,4% азайғанымен, соңғы шілде айында шетелдік валютадағы депозит көлемі 2,0% ұлғайған.

Айта кетейік, өткен жылы шетелдік валютадағы депозит жалпы жинақтың 71,7%-ын құраған еді.

Дегенмен, ұлттық валютадағы депозиттің өсімі де тұрақты сақталуда. Шілде айында теңгедегі депозит көлемі 1,9% көбейіп, 3,01 трлн теңгеге жетсе, бір жылда 59,4% өсім көрсетті.

Халықтың депозитті теңгемен ашуына итермелеуші жалғыз фактор жылдық сыйақы құнының көптігі. Орташа есеппен қазір депозиттердің жылдық сыйақы құны 11,5%. Өткен айда бұл көрсеткіш 12,6% болған еді.

Ал шетел валютасындағы сыйақы құны бір жыл ішінде 2,4%-дан 1,5%-ға азайып кеткен.

Теңгемен депозит ашу жағынан ең танымалы қазір Kaspi Ban. Бұл банктің депозиттік портфелі 2016 шілдесінен 2017 шілдесіне дейін 211,9 млрд теңгеге (71,3%) артып, 509,1 млрд теңгеге жетті. Ал елдегі жалпы банктер арасында бл банк жалпы депозит көлемінің 14,1%-на ие.

Екінші орында Халық банкі. Бір жылда мұндағы теңгемен салынған депозит көлемі 43,8% көбейіп, 645,4 млрд теңгеге жетті.

Үшінші орында Qazkom. Бір жылда банктің теңгедегі депозит көлемі 563,5 млрд теңгеге жетті.

 

Ал депозитке ең жоғары жылдық сыйақы құнын ұсынатын банк АТФБанкі — 13,2%, одан кейін Еуразия банкі — 13,1% және Цесна банкі- 13,0%.

Оқыңыз:   Теңгенің курсы апталық минимумға түсті