Қай банктің депозит пайызы жоғары?

1 қазаннан бастап Қазақстандық банктерге депозиттік салымдар дифференциалды болып бекітіліп, сақтау мерзіміне байланысты жылдық сыйақы құны да өзгертілді.

Қазіргі таңда банктер депозитті орташа есеппен сақтау мерзіміне байланысты 10,5-13,5% аралығында қабылдайды.

Айта кетейік, депозиттегі қазақстандықтардың ақшасы қазан айында рекордтық 8,46 трлн теңгеге жеткен еді.

Елдегі 28 банктің қазір 15-і депозит қабылдайды.

Соның ішінде 1 жылдық мерзімге ашылған депозиттің ең жоғарысын, яғни 13 пайызды Хоум Кредит банкі, АТФ  банкі мен Tengri Bank ұсынады.

Соның ішінде Хоум Кредит банкі (15 пайыз) мен Tengri Bank (14 пайыз) депозиттің бір түрі саналатын — депозиттік сертификат ұсынады.

Бұл банктерден бөлек, Сбербанктің депозиті 7,2-11,6 пайыз аралығында болса, Каспий банктікі 10,5 пайыз. Ал Халық банк 9,5 пайызбен өсімге кепілдік береді.

 

Оқыңыз:   БЖЗҚ-дағы жинақты қайда салатынын азаматтардың өздері шешуі мүмкін