Қайталама нарыққа «Орда» деген жаңа ипотека ашылды

Қазақстанның ипотекалық компаниясы алғашқы және қайталама нарыққа арналған жаңа ипотекалық бағдарлама ашты. 

Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов мәлімдеді.

«Орда» бағдарламасында үй алуға максималды сома 40 млн теңге, минималды сома 1 млн теңге. Несие мерзімі 20 жылға дейін.

Мұхамеджановтың айтуынша, төлем қабілетін толығымен көрсеткен жағдайда жылдық пайыз 12%, ал жартылай көрсеткен жағдайда 14%.

Ипотека Қазақстанның 16 қаласында қолжетімді болады. Қазақстанның 21 жастан кез келген азаматы қарыз алушы бола алады.

Жаңа ипотека осы ай соңынан бастап ашылады.

Ипотеканың алғашқы төлемі егер төлем қабілетті толығымен көрсеткен жағдайда 30%, жартылай көрсеткен жағдайда 50%. Сонымен қатар, егер алғашқы төлем болмаса оның орнына қарыз алушы өзінің немесе өзге азаматтың жылжымайтын мүлігін кепілдікке қоя алады.

Мұхамеджановтың айтуынша, бағдарлама мемлекеттік ақшаға жасалып жатқан жоқ.

Оқыңыз:   Қазақстанда 90 жылдарға дейін салынған ескі үйлерге сұраныс артып жатыр