Қайталама нарықтағы үйлер арзандап жатыр

2017 жылдың тамызында Қазақстандағы қайталама нарықтағы дайын үйлердің шаршы метрі 188,1 мың теңге болды.

Жыл басынан бері бағаның 0,3% төмендегені байқалады.

Қайталама нарықтағы ең қымбат баға Алматыда (шаршы метрі 337,1 мың), Астанада (327,7 мың), Ақтауда (315 мың) және Атырауда (261,9 мың теңге).

Ал ең арзан қалалар Жезқазған (142,3 мың), Қызылорда (123,6 мың) және Павлодар (155 мың теңге).

Ал жаңадан салынған үйлердің бағасы керісінше, 1,1 пайыз қымбаттап, шаршы метріне 252,8 мың теңгеге жетті.

Сонымен қатар, республика бойынша үйді жалдау бағасы да жыл басынан бері 1,6% өскені байқалады.

Оқыңыз:   Сарапшы қазан айында теңге курсының қандай болатынын айтты