«ҚазМұнайГаздың» үлескер компаниясын қытайлар сатып алады

Бұл туралы ҚазМұнайГаздың басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ  KazMunayGas International N.V. үлескер компаниясының 51% акциясын қытайдың China Energy Company Ltd компаниясына $680 млн-ға сатады.

«Қытай инвесторлары бірлескен кәсіпорынның дамуы үшін 3 млрд доллар инвестиция салмақ. Аталған қаражат Petromidia мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын арттыру, жанармай бекеттерінің желілерін дамыту мен өзге де жобаларға бағытталады.

KazMunayGas International N.V. компаниясын ҚазМұнайГаз сатып алғанға дейін The Rompetrol Group N.V. деп аталған еді. Румыниядағы бұл компанияның негізгі жұмысы Қазақстан мұнайын сатып алып Румынияда өңдеп, сату.

ҚазМұнайГаз аталған компанияны қытайларға сатқаннан кейін аталған бағыттағы экспортты енді қытайлар жүзеге асыратын болады. Дегенмен, қалған 49 пайыз акциясы ҚазМұнайГазға тиесілі болғандықтан, өз үлесін Қазақстан да басқарып отырмақ.

Мыңбаевтың айтуынша, бүгінге дейін ұлттық компания өзіне қарасты 17 нысанды жалпы құны 18 млрд теңгеге сатқан.

Румыниялық үлескер компанияны қытайлар жыл соңына дейін өз аттарына рәсімдемек.

Бұған дейін ҚазМұнайГаздың вице-президенті лауазымына Ресейлік аазматтың тағайындалғанын хабарлаған едік. 

Оқыңыз:   Қазақстан мен Қытай көлік қатынасы саласында ортақ келісімге келді