Қазақтар IPO-дан қанша табыс тапты?

Жақында ҚазАтомӨнеркәсіп-тің акциялары еркін айналымға шығарылады.

2012 жылы ҚазТрансОйл 10 пайыз акциясын сатса, 2014 жылы KEGOC өз акцияларын сатты.

Аталған компаниялардың акцияларына сұраныс өте жоғары болғаны соншалықты, компанияның ұсынған акцияларынан халықтың сұранысы жоғары болып кетті. Дегенмен, қос компания да сатып алам деушілердің барлығына акцияларын сатты.

Атап айтар болсақ, ҚазТрансОйл 38 млн акциясының әрқайсын 725 теңден сатты. Нәтижесінде 34,7 өтінім түсіп, 27,9 млрд теңгеге аталған акциялар сатылды. Соның ішінде 79 пайызын қарапайым халық сатып алды.

Ал КЕГОК-тың акциялары 2014 жылы 42 мың акция 505 теңден сатылып, қазақстандықтар оған 16,7 млрд теңге жұмсады.

Қос компанияны қоса есептегенде, әрбір сатып алушы акцияға 200 мың теңден жұмсаған. Демек, IPO-ға қатысушылардың дені қарапайым азаматтар деген сөз.

Қанша ақша тапты дегенге келер болсақ, ҚазТрансОйл компаниясының акциясының өзінің қымбаттағанын былай қойғанда, жыл сайынғы дивидентті есептегенде әрбір акция басына 160 теңгеден пайда көрген.

Ал КЕГОК-тың акциясы 2014 жылдан бері 505 теңден 1550 теңгеге қымбаттағанына қоса, 2014 жылдан бергі дивиденттердің өзі акция басына 224 теңгені құраған.

Оқыңыз:   Астана қаржы орталығында алғашқы акциялар сатыла бастады