Қазақтардың SUV көліктеріне қызығушылығы артып келеді

Жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша, жол талғамайтын көліктердің танымалдығы седандікіне қарағанда 20%-ға артты. 

Жекелеген модельдерге тоқталар болсақ, қазақстандық нарықтың көшбасшысы бұрынғыша Toyota Camry босла, екінші орында LADA 4×4.

Статистика бойынша, биыл қазақстандықтар негізінен SUV көліктерін көптеп сатып алған. Яғни кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерге сұраныс артты.

Мұндай көліктер қазір сатылған көліктердің 40 пайызын құрайды. Мұндай көліктерді қазір 28 өндіруші компания ұсынады. Ал олардағы марка саны оннан астам. Атап айтар болсақ, олар LADA 4×4, Toyota RAV4, Toyota Land Cruiser 200, LC Prado және Renault Duster.

Екінші орында седан көліктері. Бұларға нарықтың 30%-ы тиесілі. Соның ішінде Toyota Camry мен Ravon Nexia R3 көліктері жоғары сұранысқа ие.

Ал қалған 30%-дың 7.3%-ы хэтчбектер, лифтбектер мен универсал көліктері.

Олардан бөлек коммерциялар техника мен автобустар бар.

Оқыңыз:   Айыппұлы бар жүргізушілердің телефонына хабарлама жолданатын болады