Қазақтардың көбінің айлығы 80 мың теңге

2018 жылы Қазақстандағы медиандық жалақы 28% өсті. 

Статистика комитетінің мәліметінше, жылдың алғашқы жартысында медиандық жалақы (жалақы көрсеткіштерінің дәл ортасындағы сома) 106,2 мың теңге болды.

Ал модальды жалақы, яғни халықтың басым көпшілігі алатын жалақы көлемі 80 мың теңге болды.

Ал ресми түрдегі орташа жалақы көрскеткіші, яғни жалақы көрсеткіштерінің арифметикалық ортасы 160,5 мың теңге болды.

Оқыңыз:   Су жүйелерін жаңарту жұмыстары ауыз су бағасын көтеріп жібермек