Қазақстан Қырғыз, Өзбекстан мен Тәжікстанға бензин экспорттамақ

Қанат Бозымбаев алдағы бір аптада Қырғыз тарабымен осы мәселе бойынша келісімшартқа қол қойылатынын айтты.

«Бір аптадан кейін қол қоямыз. Біз келісімшарт мәтінін жібердік. Олар бір аптадан кейін мақұлдайтынын айтты», дейді Бозымбаев.

Айта кетейік, алдағы уақытта Қазақстан Өзбекстан мен Тәжікстанға да бензин экспорттауы мүмкін. Бәрі жоспарға сай жүрсе, Қазақстан жыл соңына дейін 400 тонна жанармай сатуы ықтимал.

Айта кетейік, таяуда Қазақстан Ресей тарабымен бірге үшінші елдерге жанармай экспорттау жайын ретке келтіргенін хабарлаған едік.

Оқыңыз:   Қазақстанда ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар анықталды