Қазақстан қай елдерге мұнай сатады?

2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында қазақ мұнайының экспорты $16,7 млрд (43,9 млн тонна) болды.

Аталған көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 37,5% өсті.

Статистика комитетінің мәліметінше, сегіз айда Қазақстан 27,2 млн тонна шикізат сатылған.

Қазақ мұнайының ең ірі тұтынушысы Италия ($5,5 млрд-қа мұнай сатып алды). Бұл елдің импорты өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 28% ұлғайды.

Тиісінше, Голландия $2,5 млрд, Швейцария $1,6 млрд, ал Франция $1,7 млрд-қа мұнай сатып алды.

Өз кезегінде Испания $817,7 млн, Грекия $577,6 млн, Румыния $566 млн, Қытай $523,3 млн, Португалия $374 млн-ның өнімін сатып алды.

Сонымен қатар импорттаушылар қатарында Хорватия, Корея, Үндістан мен өзге де елдер бар.

Оқыңыз:   Мұнай қайта қымбаттап келеді