Қазақстан мен Ресей арасына жаңа жол салынады

Алтай Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысы арасында жаңа жол салынатын болды.

Бұл туралы Ресей аймағының басшысы Александр Бердников Қазақстан консулы Қонысбек Жүсіпбековпен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайты.

Бердниковтың сөзінше, осы жылдың қараша айында мемлекет басшылары Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі барысында талқыға салынатын басты тақырып туризм саласындағы өзара ынтымақтастық.

«Алтай Республикасында бұл жетекші бағыттардың бірі. Алдыңғы жылы біз 2 миллионнан аса қонақтарды күтіп алдық және олардың саны жыл санап артып келе жатыр. Қазіргі уақытта жоғары деңгейде талқыланып жатқан Қазақстанға жол салудан кейін осы және басқа да аспектілерде өзара ынтымақтастық одан әрі нығайтылады», — деп мәлімдеді Бердников.

Өз кезегінде Қонысбек Жүсіпбеков қазақстандық туристер арасында Алтай таулары сұранысқа ие екендігіне сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол Алтай Республикасы мен Шығыс Қазақстан облыс арасында салынатын жол тек туристердің санын арттырып қана қоймай, экономикалық жағдайды да, арттыратынына сеніп білдірді.

Оқыңыз:   Кедей қазақтар көбейіп бара жатыр