Қазақстан былтыр мұнайдан қанша қаржы тапты?

2017 жылы мұнай сатудан Қазақстан 26,6 млрд доллар тапты.

Бұл жалпы әлемдік мұнай табысының 3,2 пайызы.

Қазақстан жалпы мұнай пайдасы жағынан 10-шы орында тұр.

Бірінші орында Сауд Арабиясы 133,6 млрд доллар (жалпы табыстың 15,9 пайызы), одан кейін Ресей 93,3 млрд доллар, сосын Ирак 61,5 млрд доллар.

Одан кейінгілер: Канада, БАӘ, Иран, Кувейт, Нигерия мен Ангола.

Оқыңыз:   АҚШ өндірісі мен әлемдік сұраныс мұнай бағасын баланста ұстап тұр