Қазақстанның кен орындары аукцион арқылы сатылуда

Аукционға негізінен геологиялық баралау жұмыстарын қажет ететін  жер қойнауы учаскелері шығарылған.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылғы 28 қарашада 109 жер қойнауы учаскесі соның ішінде 97 барлауға, 12 өндіруге арналған учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты аукцион түріндегі конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.

45 алтын, 44 барлауға және 1 өндіруге; 45 түсті металдар, 3 өндіруге және 42 барлауға арналған; 7 қара металл, барлығы барлауға арналған; 3 сирек кездесетін металл, 1 өндіруге және 2 барлауға арналған; 9 өзге де пайдалы қазбаларға қатысты (графит, кварцит, емдік балшық, хризопраз, флюорит, халцедон, бұрғылау кені), 6 өндіруге және 3 барлауға арналған.

Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің негізгі шарты — аукционға қатысуға арналған төлем, геологиялық ақпаратты алу үшін төлем, қызметтерді, жұмыстарды және кадрларды жергілікті қамту бойынша төлемдер, аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған шығындар, ҒЗТКЖ арналған шығындар.

Жеңімпазды анықтаудың негізгі және жалғыз критериі ретінде қатысушылардың қол қойып ұсынатын үлкен көлемді бонус таңдалынған.

Аукционды өткізудің жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға сәйкес Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағы шеңберінде жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы ол негізінен келесідей операцияларды жүргізуге беріледі: барлауды жүргізу үшін, өндіруді жүргізу үшін,бірлескен барлау мен өндіруді жүргізу үшін, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды жүргізу және (немесе) пайдалану үшін, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу үшін.

Аукцион жеңімпазымен келісімшарт бекітіледі. Барлау сатысында келісімшарттың әрекет ету мерзімі 6 жыл. Жер қойнауын пайдалану құқығы келісімшарттың әрекет ету мерзімімен шектелген.

Аукцион арқылы геология саласына инвестиция тарту, Қазақстандағы геологиялық зерттелуді жоғарылату, бюджетке салық келтіру, жаңа жұмыс орындарын ашу, жергілікті қамтуды дамыту, жергілікті мамандарды оқыту және қайта даярлау, қайта өңдеуші кәсіпорындарды бәсекелестікке даярлау көзделіп отыр.

Оқыңыз:   Апта соңы мұнай қымбаттап, теңге арзандады