Қазақстанның алтын-валюта қоры азайып кетті

Қазақстанның халықаралық резерві 2018 жылдың қыркүйек айында 6,8% азайып, 30 млрд доллар болды. 

Өткен жылдың осы уақытында аталған көрсеткіш 32,2 млрд доллар болған еді.

Осылайша қордың өсім қарқыны соңғы бес жылда екінші рет теріс динамиканы көрсетіп отыр. Мәселен, 2013 жылы 19,7% азайып, 24,2 млрд долларға дейін түсіп кеткен еді.

Халықаралық резерв құрылымында бұрынғыдай монеталық алтынның үлесі көп. Оның жалпы құны 12,8 млрд доллар шамасында.

Оқыңыз:   Борышкерлер несиенің үстіне қосылған пеняны төлеуден босатылуы мүмкін