Қазақстандық көліктерді жеңілдікпен алуға тағы 10 млрд теңге қарастырылуда

Автонесиелеу бағдарламасы жалғасуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек журналистердің сұрақтарына жауап бергенде айтты.

2015-2016 жылдары отандық автокөліктердің 30% осы бағдарлама бойынша сатылды. Автонесиелеу бағдарламасына Ұлттық қордан барлығы 26 млрд. теңге бөлінді.

Аталған қаржы толық игерілді және бағдарлама тоқтаған жоқ, жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бағдарлама аясында 9 мыңнан астам адам отандық автокөлік сатып алды.

«Бұл бағдарлама тоқтаған жоқ. Әлі 20 жыл бойы жұмыс істейтін болады. Бүгінде Қазақстан Үкіметі аталған бағдарлама аясында қосымша шамамен 10 млрд. теңге бөлу мүмкіндігін қарастырып жатыр», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.

Оқыңыз:   Қазақстан еңбек нарығы ең тиімді елдер тізімінде 15 орында