Қазақстандық банктер блокчейн технологиясын енгізеді

2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда блокчейн негізінде ҚҚС есебі жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды LS.

Жобаны іске асыру үшін мемлекет тарапынан 1,5 млн теңге салынады. Алдын ала есептеу бойынша, блокчейн технологиясын енгізу 2025 жылға дейін мемлекетке қосымша 1,4 трлн теңге қаржы кіргізеді. Сонымен қатар, ҚҚС-данг бөлек өзге де салық түрлеріне осы технологияны енгізу қарастырылуда.

«Қазіргі таңда Халық банкі, Цесна банкі, Еуразиялық банк пен Форте банк пилоттық фаза қарастырылуда. Жүйе тексеріліп, өзге де техникалық қырлары зерттелуде», — деп жазады басылым.

Басылымның хабарлауынша, келер жылдың соңында жүйе толық іске қосылады. Жобаға ірі 300 салық төлеуші ұйым тартылмақ.

Жалпы, алдағы 4-5 жылда елдегі қаржы жүйесі толығымен цифрлы технологияға көшпек.

Оқыңыз:   Назарбаев Үкіметке "Сандық Қазақстан" құруды тапсырды