Қазақстанда қай салада стартаптар көп ашылып жатыр?

Қазақстанда екінші жыл қатарынан стартаптар саны артып келеді. 

Бір жылда елдегі стартаптар саны 14,4%-ға немесе 5,1 мыңға артты. Қыркүйектің басындағы мәлімет бойынша, республикада қазір 40 мыңға жетті. Бұл соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Елдегі стартаптар санының өсімін сарапшылар ел экономикасының жандана бастауының көрсеткіші деп түсіндіреді.

Айта кетерлігі, стартаптар санының көбеюі елде бизнес субъектілерінің жұмысын тоқтату көрсеткішінің азаю уақытымен сәйкес келіп отыр.

Жаңадан ашылған кәсіпорындардың басым бөлігі сауда, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларына тиесілі.

 

Оқыңыз:   Қазақстандық байлар өзіміздің экономикаға ақша сала бастады