Қазақстанда венчурлік капиталистер қауымдастығы құрылады

Бұл туралы ақпарат және коммуникация вице-министрі Нұргүл Мауберлинова мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың шілде айынан бастап елде «Венчцрлік қаржыландыру туралы» заң бар.

«Енді тәуекелі жоғары келіссөздер заңмен реттеледі. Алдағы уақытта Қазақстанда венчурлік капиталистер қауымдастығы құрылады», деді министр орынбасары.

Оның айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» аясында «Астана хабы» құрылмақ.

«Биыл халықаралық IT-стартаптарының «Астана хаб» жұмысын бастадық. Онда стартаптарға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар отандық және шетелдік IT компанияларының ERD орталықтары болады. Ресми таныстырымы биыл қарашада болады.

 

Оқыңыз:   ОҚО-да медициналық бұйым шығаратын зауыт ашылды