Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін 79 зауыт салынады

Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін арттыру есебінен сүт өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов Павлодар облысының әкімдігінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту картасын талқылау бойынша  өткен кеңесте мәлім еткендей, Қазақстанға сырттан келетін ауылшаруашылық өнімдері импортының жоғары үлесін, оларды қайта өңдеу бойынша отандық кәсіпорындардың жоғары қуаттылығын,  сондай-ақ елдің шикізаттық әлеуетін ескере отырып, министрлік қайта өңдеудің тоғыз басымдықты бағытын анықтады.

Олармен бүгіннің  өзінде республика бойынша 435 кәсіпорын мен шаруа қожалықтары айналысуда. Бұл «тоғыздыққа» сүт, ет, тері, жүн, майлы дақылдар мен дәнді дақылдар, жемістер мен көкөністер, қант қызылшалары мен картопты өңдеу кірді.

«Аталмыш түрлер бойынша агроөндіріс кәсіпорындарын облыстық және аудандық деңгейде орналастырудың нақты картасы әзірленді. Индикаторлар әкімдіктермен қоса, бизнеспен де келісілді. Картаға сәйкес, жаңадан 79 зауыт салынса, 80-і жаңғыртуды қажет етеді. Жаңа зауыттардың құрылысы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жоспарлануда. Нақты осы өңірлерде шикізат әлеуеті бар. Ауыл шаруашылығы вице-министрі атап өткендей, осы бағыттағы алғашқы қадам — жұмыс істеп тұрған зауыттардың жүктемесін арттыру болмақ.

«Егер осы шараларды 2021 жылға қарай іске асырсақ, ірімшіктің импорттық үлесі 70%-дан 51%-ға дейін төмендейді, сондай-ақ сары май, сүзбелерге қатысты да азаяды», — деді Р.Құрманов.

Оқыңыз:   Алматыда қазақ-сингапур бизнес форумы өтеді