Қазан айында баспана қымбаттап кетті

2018 жылдың қазан айында елде жылжымайтын мүлік нарығында оң динамика байқалған.

Үйдің орташа бағасының өсуі бірқатар өңірде орташа деңгейден айтарлықтай жоғары болды.

Ең қатты қымбаттаған қала Петропавл. Бұл қалада шаршы метрдің бағасы 4,8 пайызға өсіп, 195,3 мың теңге болды.

Одан кейінгі орындарда 3,2 дәне 3,1 пайыздық қымбаттаумен тиісінше Өскемен және Көкшетау қалалары.

Ал баспана бағасы арзандаған жалғыз қала Ақтау. Ондағы шаршы метр құны 1,9 пайыз төмендеді.

Оқыңыз:   ЭКСПО-дан кейін баспананың бағасы қалай өзгереді?