ЭКСПО нысандарын демонтаждау жұмыстары 15 желтоқсанда аяқталады

2017 жылдың 11 қыркүйегі мен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында халықаралық павильондарын демонтаждау жұмыстары өткізіледі.

Қатысушылар экспонаттарын шығарып, ішкі құрылыс құрылымдарын бөлшектеп, қоқыстарды шығарып, кеңістіктерді ұйымдастырушыларға қайтарар алдында жөндеуден өткізуі керек.

Бұл жұмыстар 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Демонтаждау бойынша бақылауды архитектуралық-техникалық департамент пен халықаралық қатысушылармен жұмыс бойынша департамент жүргізеді.

Орталық павильон — «Нұр Әлем» сферасы — музей ретінде жұмыс істейді.

Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысқан «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аяқталды.

Жалпы келген қонақтың саны 3 997 545 адам, ал алдын ала жасалған болжам бойынша  2 млн. күтілген.

Оқыңыз:   Қазақстан ресейлік туристердің ең көп баратын елдер үштігіне енді