Шенеуніктердің әлеуметтік желіде парақша ашуы міндеттеледі

Елбасы Жолдауындағы  тезис аясында мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту қажеттігі бойынша Агенттік төрағасы барлық орталық және аумақтық құрылымдардың басшыларына facebook әлеуметтік желісінде арнайы парақшаларды ашуды тапсырды.

Бұл туралы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Алик Шпекбаев былай деді: «Бұл азаматтардың нақты мәселелерін қадағалауға, сіздердің жұмыстарыңыздың ашықтықтығын қамтамасыз етуге және клиентке бағдарлануына мүмкіндік береді».

Агенттіктің қызметін цифрландыру жағдайында жақын арада екі жаңа өнім ұсынылатын болады:

—  Азаматтарға ХҚКО-да, мемлекеттік кіріс, емханаларда және басқа да мемлекеттік мекемелерде қызмет көрсету сапасы туралы Агенттікке хабарлауға мүмкіндік беретін «Сандық агент» мобильді қосымшасы;

—  Астана қаласының тұрғындарына бюджет қаражатының жұмсалуын дербес бақылауға мүмкіндік беретін Астанадағы қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы.

Сонымен қатар, кадрлық саясатты жетілдіру мақсатында конкурстық іріктеуді жүзеге асыру уақытын қазіргі 50 күннен 15 күнге дейін қысқартуына мүмкіндік беретін үш кезеңнен екі кезеңдік конкурстық іріктеуге көшу ұсынылуда.

Заманауи тәжірибеге бағдарланған курстар негізінде жаңа формация басшыларын оқыту бағдарламаларын дайындау мен енгізу мәселелеріне ерекше  назар аударылды.

Оқыңыз:   ЭКСПО-ның кешкі билеттері арзанға сатылып жатыр