Шағын және орта бизнестің 122 млрд теңге салық қарызы кешіріледі

Президенттің Жолдауда айтқан тапсырмасы аясында шағын және орта бизнестің 122 млрд теңге салығына амнистия беріледі. 

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнестің салық амнистиясы бойынша айыппұлы мен пениясына кешірім беріледі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қаңтардың басындағы мәлім бойынша, ШОБ субъектілерінің салық қарызы 257,2 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде пения 102,7 млрд теңге, айыппұл 19,8 млрд теңге.

Ал 1 қазанға дейін жалпы салық қарызы 327,3 млрд теңгеге дейін жетсе, соның ішінде 125,1 млрд теңге пения, 17,3 млрд теңге айыппұл.

Оқыңыз:   Кәсіпкер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына білім грантын тағайындады