«Цифрлы Қазақстанға» 400 млн доллар бөлінеді

2022 жылға дейін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына $400 млн бөлінеді. 

Бұл туралы мемлекет басшысы шетелдік елшілерге сенім грамотасын табыстау барысында айтты.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын сәтті орындау үшін 2022 жылға дейін 400 млн доллар бөлінеді. Қоғамдық сананы жаңғырту үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз», деді Назарбаев.

«2017 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайыз болды. Тәуелсіздік жылдарында шетелден тікелей 300 млрд доллар инвестиция тартылды», деді  мемелекет басшысы.

Оқыңыз:   ҰБТ-ның жаңа форматы