Брент маркалы мұнай құны барреліне $82 төмен түсіп кетті.
Астана уақытымен 9:30-да бренттің баррелі $81,58-дан саудаланды. Кеше ғана оның құны $85 айналасында еді.
Бағаның төмендеуіне халықаралық валюта қорының мәлімдемесі түрткі болды. Қор келер жылдан бастап жаһандық экономиканың өсім қарқынының бәсеңдейтінін болжаған еді. Өз кезегінде оның себебі АҚШ-тың өзге елдермен сауда соғысы.