Федералды резерв мұнай бағасын құлдыратты

14 маусымнан 15-іне қараған түні Брент маркалы мұнай бағасы барреліне 46,85 долларға дейін арзандап кетті. 

Айта кетейік, соңғы рет мұндай деңгейге 2016 жылдың қарашасында түскен еді. Артынша желтоқсан ОПЕК+ елдері мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге азайту туралы шешім қабылдағаннан кейін бірнеше апта ішінде шикізат құны 55 долларға дейін жақындаған.

Мұнайдың бұлайша арзандауына бүгінгі АҚШ Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) түрткі болып отыр. Бүгін АҚШ орталық банкідоллардың базалық мөлшерлемесін 0,75-1,00 доллардан 1,00-1,25 доллар аралығына дейін көтерді.

Айта кетерлігі, АҚШ оррталық банкінің бұл шешімі мұнай бағасы мен теңгенің долларға шаққандағы бағамын түсіріп жібермек.

Оқыңыз:   Теңгенің бағамы жаңа жыл алдындағы деңгейге қайта түсті